ШҚО-да жол апатынан ауыл әкімі ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оқиға бүгін, яғни 31 тамыз күні таңертең сағат 8:30 шамасында Қалжыр - Күршім тас жолы аралығында тіркелген. Ведомстодан хабарлағандай, 1959 жылы дүниеге келген азамат «Ауди» көлігін жүргізіп келе жатып, көлігімен жол шетіне аударылып қалған. Жол-көлігі оқиғасының салдарынан жүргізуші қайтыс болған.

Қаза тапқан 58 жастағы ер адам Күршім ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болған.

Соңғы жаңалықтар