ШҚО-да жол қызметтерінің 127 басшысы сапасыз жол үшін жазаға тартылды
Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол және көлік инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде.
«Өңір бойынша 13 жаңа бағдаршам орнатылуда. Бұден бөлек, Өскемен қаласындағы 6 бағдаршамға «+» белгісі бар қосымша секция қойылмақ», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы қауіпті учаскелерде 450 метрлік дыбыстық жолақтар жасалып, 60 жарықдиодты белгілер орнатылды. Сондай-ақ 111 жасанды жол кедергілері жаңартылып, 33 000 шаршы метр жол таңбасы салынды.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай, Таскескен-Бақты) реконструкциялау бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Статистикаға сүйенсек, 2020 жылдың басынан бері облыста 417 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 50 адам көз жұмып, 603 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақат алды.
Жол апатының көбі жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда.