ШҚО-да жолда қалған 3 аңшы құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының маңында көліктері сынып қалған 3 аңшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жолда қалған 3 аңшы құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аңшылардың «Нива» автокөлігі Жарқын елді мекенінен 30 шақырым жерде (Семейден 47 шақырым) бұзылған.

«Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері «Нива-Марш» көлігімен үш аңшыны эвакуациялады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс жолға шыққан кезде міндетті түрде көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін еске салады.