ШҚО-да жолда қалған 6 адамға құтқарушылар көмекке келді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жолда қалған 6 адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жолда қалған 6 адамға құтқарушылар көмекке келді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында Каменское көлінен 6 шақырым жерде орналасқан Жаңа Қанай ауылында 6 адам, оның ішінде 2 бала отырған автокөлік жолда қалған.

«Қарға батқан «Мазда» маркалы көлігінің жүргізушісі жолға шыға алмай қалды. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Олар автокөлікті тасжолға сүйреп жеткізді. Содан кейін азаматтар өз сапарларын ары қарай жалғастырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары дауылды ескерту және қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден шықпау қажеттігін ескертті. Жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға болады.