ШҚО-да ЖРВИ-ге қатысты эпидахуал қалай

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өткен жылдың қазан айы мен 2022 жылдың наурызы аралығында 73 мыңға жуық адам ЖРВИ-мен ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да ЖРВИ-ге қатысты эпидахуал қалай

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 2021 жылдың қазан айы мен 2022 жылдың наурызы аралығында жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны 72 562 адамды құрап отыр. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Оның жартысына жуығы – балалар.

«Жыл басынан бері тұмаудың 301 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 158. Жалпы аймақ бойынша тұмауға шалдыққан адам саны жағынан Семей қаласы алдыңғы орында тұр. Шаһарда 136 науқас тіркелген. Ал ең төменгі сатыдағы Бородулиха ауданында – 1 тұрғын тұмаумен ауырды», - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, облыста ЖРВИ мен тұмаудан өлім-жітім болған жоқ.