ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері иіс тиген 3 бала көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері иіс тиген 10 адам, оның ішінде 3 бала мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері иіс тиген 3 бала көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, иіс тиюге көп жағдайда – пеште ақау немесе жарықтың болуы, мұржасының уақтылы тазаланбауы және бітелуі себеп болып жатады. Егер тұрғындар профилактикалық рейдтер кезінде өрт сөндірушілер жасаған ескертпелерді орындаса жазатайым оқиғалардың алдын алуға болар еді.

Талдау көрсеткендей, иіс тию фактілері негізінен жұма мен сейсенбі күндері тіркелген.

«3 ақпанда Көкпекті ауданында тағы бір оқиға болды. Ауруханаға иіс тиген 2008 жылғы қыз түсті. Бұған себеп – пеш мұржасының бітелуі», - деп хабарлады ведомоство өкілдері.

Құтқарушылар осыған дейін бұл үйге барып, ескерту жасағанымен бұзушылықтар сол күйі жойылмаған.

Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері 62 адамға иіс тиген. Соның салдарынан 10 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмды.

ТЖД мамандарының айтуынша, пешті үш айда кемінде бір рет тазалап отыру керек.