ШҚО-да жылыту маусымында өрттен 22 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы бері өрттен 22 адам мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Өміржанов айтып берді.

«Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында болған өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 24 %-ға азайып отыр. Өрт салдарынан 22 адам көз жұмған. Бұл былтырғы жылыту маусымына қарағанда 38%-ға аз», - деді ол.

72% жағдайда адамдардың қаза болуына – отты абайсыз қолдану және мас күйде темекі шегу себеп болған.

«Соңғы уақытта коттедждер мен саяжайларда тұрғындарға иіс тию фактілері жиілеп кетті. Азаматтар үйлерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, бұл кейіннен жазатайым оқиғаларға әкеп соғып жатады. Биылғы жылыту маусымында құтқарушылар 439 000-нан астам үйлерді аралап, 694 000 адамды қамтыды. Нәтижесінде, 101 593 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталды», - деді Нұржан Өміржанов.


Соңғы жаңалықтар