ШҚО-дағы 17 жағажайда қауіпсіздік талаптары сақталмаған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 9 адам суға батып кетті.

пляж
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы / Kazinform

1 маусымнан бастап өңір бойынша төрт адам суға батты. Олардың екеуі — жасөспірімдер. Ал жыл басынан бері су айдындарында тоғыз қайғылы жағдай болған.

— Қазіргі таңда облыс бойынша 25 жағажай бар. Алайда олардың тек сегізі ғана демалушыларды қабылдауға толық дайын. Атап айтқанда, Өскемен қаласында — 2 коммуналдық жағажай, Риддерде — 1, Ұлан ауданында — бір муниципалды және 4 жеке жағажай. Қалған 17 жағалау қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді, — деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Алтай, Зайсан, Самар және Ұлан аудандарындағы 13 жағажайдың иелерінен құзырлы органдарға тексеру жүргізуге қатысты ешқандай өтініш жіберілмеген.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде қай жерлерде суға түсуге болатындығы жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар