ШҚО-дағы ауыл мектебінде сотталған адамдардың жұмыс істегені анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы мектепте сотталған бірнеше адам жұмыс істеген.

прокуратура
Фото: gov.kz

Самар ауданының прокуратурасы мектепте Еңбек кодексі бұзылғандығын анықтады. Бұрын сотты болған адамдар заңсыз жұмысқа алынған.

«Атап айтқанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған мұғалім мен 2 күзетші білім ордасында жұмыс істеді. Бұл Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3-тармақшасының талаптарына қайшы», - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасынан.

Сондай-ақ психиатриялық бұзылуларға байланысты «Д» есебінде тұрған 1 адам көмекші персонал болып еңбек еткен.

«Прокуратура шаралары бойынша білім беру ұйымында жұмыс істеуіне жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Мектеп директорына 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар