ШҚО-дағы басқарма «Сергекті» іске асырған компанияға 238 млн теңгені заңсыз төлеген

ШҚО-дағы басқарма «Сергек»-ті іске асырған компанияға 238 млн теңгені заңсыз төлеген
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы басқарманың «Сергек» жобасын іске асырған компанияға 238 млн теңгені заңсыз төлегені анықталды. 

ШҚО Прокуратурасы «Сергек» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Аталған жоба аясында мемлекеттік бюджеттен «Көркем-Телеком» ЖШС-мен 7 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

«Тексеру барысында мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды. Жобаның құны 238 млн теңгеге еш негізсіз өскен. Прокуратура енгізген қадағалау актісінен кейін Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді», - деп хабарлады облыс Прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Ал, апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды.

Сот шешіміне сәйкес, «Көркем-Телеком» ЖШС мемлекеттік бюджетке 238 млн теңгені қайтарды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram