ШҚО-дағы екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Ішкі саясат пен Мәдениет басқармаларына жаңа басшы тағайындалды.

ШҚО-дағы екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Коллаж: Kazinform

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды. Оның төрт жоғары білімі бар. Әр жылдары облыс әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып Самат Қасенов тағайындалды.

Ол – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінде жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды.

2023 жылдың 14 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлытау облысында екі ведомство басшысы тағайындалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар