ШҚО-дағы қар көшкіні: Қауіпті учаскелерге бақылау жасалды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Kazinform.

көшкін
Фото: ШҚО төтенше жағдай департаменті

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі әлі де сақталып отыр.

Сондықтан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов «Қазселденқорғау» филиалының мамандары және ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы Алтай ауданына жұмыс сапары барысында көшкін қаупі бар учаскелерге барды.

шқо
Фото: ШҚО төтенше жағдай департаменті

Сондай-ақ сол учаскелердің бірінің маңында орналасқан Зубовск кентіндегі орта мектепті аралап көрді.

«Зубовская тауында барлығы қар көшкінін жинақтайтын 10 орын бар. 2013 жылы қар жамылғысының биіктігі бір метрден асқан кезде қар көшкіні түскен болатын. Қар көлемі екі мың текше метрден асты. Саяжай мен тұрғын үй мен жарық бағаны бүлінген еді. Қар массасы оқу орнының қақпасына дейін жетті. Оқиға болған кезде балалар сабақта болған. Қуанышқа орай, олар зардап шеккен жоқ», — делінген ақпаратта.

Өңір әкімдігі 2020 жылы мектеп пен кентті қар көшкінінің түсуінен қорғау үшін қар ұстайтын қалқандарды орнатуға қаражат бөлді.

Содан кейін көп ұзамай қалқандар қойылған.

Тексеру кезінде Бақытжан Байахметов қалқандардың тиімділігіне талдау жүргізуді және көшкіннен қорғану әдістерін жетілдіру мәселесін қарауды тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар