ШҚО-дағы өрт оқшауланды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған өрт оқшауланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

ШҚО-дағы өрт оқшауланды
Фото: видеодан алынған скрин

Өрттің алдын ала алаңды 2000 га . Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетелік ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанған еді. Сонымен қатар 

Шығыс Қазақстанда қамысты шарпыған өртті ауыздықтауға тікұшақ тартылған еді

Оқиға орнында өрт сөндірушілерден бөлек 200-ден астам адам жұмыс істеді. Олардың ішінде 100 ерікті және 100 жергілікті атқарушы орган қызметкері бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда күн жылынғандықтан дала өрті күрт көбейгенін жазған едік. Өңірде соңғы екі күнде 150-ге жуық дала өрті тіркелген.

Соңғы жаңалықтар