ШҚО-дағы соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күнінде 1,5 млн теңгеден беріледі

Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
Фото: gov.kz

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы 14 соғыс ардагері мен мүгедегіне Жеңіс күнінде 1,5 млн теңгеден беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы АҚ ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, өңірде зейнеткерлік жасқа толған адам саны 136 861 адамды құрайды. 

Оның ішінде 14 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі, 362 ардагер (тыл еңбеккерлері, блокада қатысушылары, тұтқында болғандар және олардың жесірлері), 5010 наградталмаған тыл еңбеккері, 131 475 жасы бойынша зейнетке шыққандар.

«Жеңіс күнінің 79 жылдығын мерекелеу қарсаңында осы жылы 5 386 адамға 307,7 млн теңгеге біржолғы төлем көзделген. Нақты айтқанда,14 соғыс ардагері мен мүгедегіне 1,5 млн теңгеден, 362 тыл еңбеккері, блокада қатысушылары, тұтқында болғандар және олардың жесірлеріне 100 мың теңгеден, 5010 наградталмаған тыл еңбеккеріне 50 мың теңгеден беріледі», - делінген ақпаратта.

Төлемдер 9 мамырға дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар