ШҚО-дағы жүк пойызының рельстен шығуы жолаушы пойыздарының қозғалысына әсер ете ме

Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма-Заводинка» теміржолында жүй пойызының рельстен шығып кетуі жолаушы пойыздарының қозғалысына әсер етпейді, деп хабарлайды Kazinform.

вагон
Фото: Фото: ҚазАқпарат

ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты тексеру жүргізілуде.

«Машинист тежеу магистралындағы қысымның төмендеуіне байланысты пойызды тоқтатқан. Осылайша, 13-тен 24-ке дейінгі вагондар рельстен шығып кетті. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.

Сол жерге вагондарды көтеретін арнайы пойыз жіберілген.

«Аталған учаскемен жолаушылар пойызы ертең жүреді. Оған дейін тиісті жұмыстар аяқталады. Яғни, вагондардың рельстен шығып кетуі жолаушы пойыздарының қозғалысына әсер етпейді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кеткені хабарланған.