ШҚО-дағы 59 елді мекенде су басу қаупі жойылды - ҚР ТЖМ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 59 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Бұл туралы бүгін өңір жұртшылығымен кездескен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Шығыс Қазақстан облысындағы ең өзекті мәселелердің бірі – көктем кезінде елді мекендерді су басуы. Өңір бойынша су қорғау аймағында орналасқан 34 елді мекенде 4260 тұрғын үй бар.

«Су тасқыны кезеңіндегі мәселелерді шешу үшін Үкімет деңгейінде – 2023 жылға дейінгі жол картасы, ал облыстар деңгейінде – өңірлерді дамыту жоспарлары бекітілген. Соның нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысында 13 624 адам тұратын 59 елді мекенде су басу қаупі жойылды», - деді Марат Күлдіков.

Оның айтуынша, қазір тек 12 ауылда су басу қаупі сақталуда.

«Атап айтқанда, Глубокое ауданында – 8, Тарбағатай ауданында – 3, Алтай ауданында – 1 ауыл. Ондағы 416 үйде жалпы саны 1163 адам тұрады. Су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардан жол картасының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді сұраймын», - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі.


Соңғы жаңалықтар