ШҚО-дағы Атом көлі: Адамдар қауіпті суға шомылуға неге құмар

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ұлттық ядролық орталығының ғалымдары атом көлінің демалушыларға қауіпті екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

ШҚО-дағы Атом көлі: Адамдар қауіпті суға шомылуға неге құмар

Су қоймасы бұрынғы Семей полигонының аумағында орналасқан. Бұл - термоядорлық жарылыстың салдарынан пайда болған радиациялық қауіпті нысан. Осыған қарамастан көл жағасына балаларымен келіп демалатындар көп.

Мамандардың айтуынша, су қоймасында уақыт өткізу өте қауіпті. Өйткені демалыс барысында адам ағзасына топырақ құрамындағы радионуклидтер еніп, зиянды сәуле зиян келтіруі мүмкін.

«Соңғы іссапар барысында біз демалушыларға атом көлінде уақыт өткізудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірдік. Өкінішке қарай, адамдар түсінбейді немесе бұл жағдайға аса мән бере қоймайды. Көлде радиациялық фонның көрсеткіші жоғары, дегенмен бұл негізгі қауіп емес. Негізгі қауіп бұл - радионуклидтердің ауа арқылы ағзаға енуі немесе байқаусызда радионуклид бөлшектері бар топырақты сумен жұту», - деді ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының бөлім басшысы Андрей Паницкий.