ШҚО-дағы балалардың гепатитіне қатысты мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үржар ауданында балалардың гепатитпен ауруына қатысты мектеп директоры мен медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. 
None
None

Бұл туралы Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазір біз медицина қызметкерлерінің кемшіліктерін анықтап, оларға айыппұл салдық. Мектеп директорының да кейбір кемшіліктері бар, бұл ретте тазалық жағынан, залалсыздандыру препараттарының аздығы үшін әкімшілік айыппұлға тартылды. Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін бүкіл материалдар ішкі органдарына тапсырылады», - деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, ШҚО-дағы ауруды жұқтыру себебін анықтау үшін арнайы комиссия барды. Оның құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің,  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің, сонымен қатар Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары кірді. Жалпы, ауылдағы жағдай министрліктің бақылауында тұр», - деді Бекшин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданының Шолпан ауылында 12 бала  «А» гепатитімен ауырғаны расталды. 

Бүгінде ауылдағы жағдай толық бақылауда тұр. Мектепті күшейтілген дизинфекциялық режімге көшіріліп, сондай-ақ кабинеттік білім беру жүйесіне шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар