ШҚО-дағы бірқатар жолда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 сәуірден бастап өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынып тасталды.

«Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Өскемен–Риддер–Ресей Федерациясының шекарасы», «Өскемен–Алтай–Катон-Қарағай–Үлкен Нарын–Рахман қайнарлары» тасжолдарында, облыстық маңыздағы «Өскемен–Самар, Өскемен–Таулы Үлбі–Солтүстік, «Ұранхайка–Төсқайың» тасжолдарында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына ауа температурасы суытқалы бері қойылған шектеу алынды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Бұқтырмада негізгі көпірді салуға қажет уақытша көпір тұрғызылғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар