ШҚО-дағы Малевский кенішінен 165 адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысындағы Малевский кенішінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты 165 адам қауіпсіз жерге көшірілді,
деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
«Желтоқсанның 8-і күні сағат 18.45-те №6 кен түсіргішінде, 12-14 горизонттағы транспортты еңісте түтіндеу болып, 165 адам қауіпсіз жерге көшірілді», деп атап өтті баспасөз қызметі.
Технологиялық үдеріс 4 сағатқа тоқтап қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, түтіндеудің себептері анықталуда.
Төтенше оқиғаны жоюға ҚР ТЖМ-нің Зыряндағы әскериленген тауда құтқару бөлімі жеке құрамының 23 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.