ШҚО-дағы өрт: Вице-министр Риддерге аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Риддер қаласы маңындағы өрт аумағынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар эвакуциялық пунктерге орналастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-дағы өрт: Вице-министр Риддерге аттанды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Риддер қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (72336) 42941;8 777 991 32.

Эвакуациялық пункттер келесі мекен-жайлар бойынша ұйымдастырылды:

1. Риддер агротехникалық колледжі

Тел.: 8 705 762 8065 Мекенжайы: Абай Көшесі, 65

2. «Қазцинк» профилакторий амбулаторлық орталығы базасындағы қонақ үй. Тел.: 8 771 305 18 53; мекенжайы: Гоголь к., 55а.», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ҚазАқпарат тілшісіне өрттің беті әлі қайтпағанын айтты.

«Өрт әлі басылған жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков ұшып шықты», - деді Талғат Уәли.

Қазіргі таңда Риддер қаласының әкімі өрттен қауіптеніп баспанасын тастап шыққан тұрғындардың санын анықтап жатыр.