ШҚО-дағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқынына қарсы шаралар аясында өзендерде жарылыс жұмыстары басталды.

Облыс бойынша 4 аудандағы 16 учаскеде мұз кептелуі мүмкін. Олар Ертіс, Үбе, Бұқтырма және Күршім өзендерінде орналасқан. Наурыз айында барлық учаскеде профилактикалық жұмыстар жоспарланып отыр.

«Бүгін бұл жұмыс Шемонаиха ауданындағы Үбе өзенінен басталды. Ол өзен Верх-Уба, Убинка ауылдарына, Шемонаиха қаласына және Усть-Таловка кентіне қауіп төндіреді. Верх-Уба және Убинка ауылдары жанындағы өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Мұнда өзендегі мұз қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен. Ұсақтаған мұздың жалпы ауданы 19400 шаршы метрді құрады», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар
telegram