ШҚО-дағы стационарларда 300-ге жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 300-ге жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-дағы стационарларда 300-ге жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 33 адам тіркелді. Оның ішіндегі 26 науқаста симптом бар болса, 7 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 12 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 299 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 14,4 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 627 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.