ШҚО-дағы стационарларда 400-ге жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 400-ге жуық адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 285 адам тіркелді. Оның ішіндегі 259 науқаста симптом бар болса, 26 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.
«Бір күнде 25 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 397 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 19,3 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 6648 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.