ШҚО-дағы тасжол бойында 5 жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Өскемен-Самар» тасжолында жүргізілді.

«Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары аталған тасжолдың 95-102 шақырымында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. 5 жарылыс жасалып, соның нәтижесінде жалпы көлемі 4380 текше метр қар түскен», - делінген ақпаратта.

Бүгінде күн сайын көшкін жүру қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізілуде. Мамандар азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, көшкін жүруі мүмкін таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, қыс басталғалы бері өңір бойынша 90 рет жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.


Соңғы жаңалықтар