ШҚО-дағы тасжол маңында жасанды жолмен 3 рет қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-дағы тасжол маңында жасанды жолмен 3 рет қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жиі қар жауып, қатты жел соғуына байланысты «Өскемен-Таулы Үлбі - Северное» тасжолының маңында қар көп жиналып, көшкін жүру қаупі туған.

«Сондықтан «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары аталған учаскеде жасанды жолмен 3 рет қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде, 2160 текше метр қар түсірілген. Көшкін жолды жартылай жауып тастады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.