13:35, 22 Қараша 2022 | GMT +5
ШҚО-дағы Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылу желісінде апат болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылу желісінде апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қарашада Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары үйлерінің салқындағанына шағымданды. Белгілі болғандай, кентті жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу желісінде апат болған.
«Қазір учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселе Алтай ауданы әкімінің бақылауына алынды. Жергілікті атқарушы органдардың дерегінше, жылу 7:00-ден 18:00-ге дейін өшірілген. Техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ауа райы қолайлы болып отыр», - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Бірінші ауысымдағы оқушылар мектепте оқыды. Ал екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Балабақша тек балаларын үйде қалдыра алмайтын ата-аналар үшін ғана жұмыс істейді.