ШҚО-дан Алтай аймағына гуманитарлық көмек жөнелтіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда Алтай аймағындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жарияланды, деп хабарлады ШҚО әкімінің ақпараттық орталығы.
None
None

Киім-кешек, аяқ киім, жеке гигиена заттары, төсек-орынға қажетті заттар арнайы қабылдау орындарында жиналады. Сонымен бірге, қаржы мен азық-түлік жинау бойынша кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізілуде. Бородулиха ауданы қазірдің өзінде көрші Алтай аймағының түлектері үшін 100 көрпе, 100 жастық пен 100 төсек-орын жаймаларын дайындап қойды.

Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алтай аймағының губенрнаторы Александр Карлинге көңіл айту жеделхатын жолдап, облыстан табиғи апаттан зардап шегушілерге гуманитарлық жүк жіберілетінін хабарлады.

«Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары мен жеке өз атымнан сіздерге адамдардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтамын», - делінген жеделхатта. - Шығыс Қазақстан облысы біздің достарымызға және көршілерімізге қолдау көрсетуге дайын. Көмек ретінде гуманитарлық жүк керуенін жолдаймыз».

Ертең, 4 маусым күні автоколонна Зыряновтан шығады, кейін оған Бородулиха мен Шемонаиха аудандары қосылады.

Соңғы жаңалықтар