ШҚО еріктілері гуманитарлық көмек жинауға ерекше үлес қосқан

В ЗКО прибыла гуманитарная помощь из братского Кыргызстана
Фото: БҚО әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық «2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту және қолдау жол картасы» аясында жыл басынан әр облыста фронт-офис волонтерлерінің қатысуымен ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков өңірдегі еріктілердің жұмысына тоқталды.

Оның айтуынша, ШҚО-да қыс мезгілінде қардың көп болуына байланысты барлық аудан және қалаларда «Шын жүректен» акциясы өткізіліп, халықтың әлеуметтік осал топтарының ауласындағы қарды күреген. 

Бұдан бөлек, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне ыстық шәй таратылған.

«Шығыс Қазақстан облысының волонтерлері төтенше жағдай қызметінің өкілдерімен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізу, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарына, жеке секторды қардан тазартуға көмектесіп жүр», - деді Айдос Әділбеков.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңір тұрғындарына көмек көрсету мақсатында фронт-офис волонтерлері Қазақстан халқы ассамблеясы және жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, Солтүстік Қазақстан облысына жөнелткен.

Қазіргі таңда Атырау облысына гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар