ШҚО: Глубокое ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысының Глубокое мен Прогресс ауылдарының басты көшелерінде еріген қар суын ұстап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

ШҚО: Глубокое ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді

Жергілікті құтқарушылар аудандық әкімдікпен бірлесіп тасқын судың алдын алу, сондай-ақ үйлерді су тасқынынан қорғау бойынша іс-шаралар жүргізді. Автожол бойындағы арықтар даладан келген еріген қар суының арынына төтеп бере алмай қалды. Құтқарушылар және әкімдіктің күшімен тасжолға инертті материал төселді, сондай-ақ кей учаскелерде су сорып алынды.

nullҚазіргі таңда Глубокое және Прогресс ауылдарындағы жолдарға шамамен 2000 қап төселді. Жұмыстарға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» жеке құрамынан 12 адам, сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 50 адам жұмылдырылды.null

Қазіргі таңда тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Тәулік бойы бақылау жасалуда.null