ШҚО халқының 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 80,1 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО халқының 80 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 15 қазандағы жағдай бойынша өңір жұртшылығы арасында COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар үлесі – 80,1 пайызды құрап отыр. Ал жалпы халықтың 66,5 пайызы вакцинаның екі компонентін де салдырған.

«Бірінші компонент бойынша Аягөз, Үржар, Бесқарағай аудандары көш басында тұр. Онда тұрғындардың 99,5% екпе алды. Ал екі компонентті де салдыру көрсеткішінде Бесқарағай (90,4%), Үржар (88,2%) және Зайсан (87,2%) аудандары алдыңға қатарда. Ал ең төменгі орында – Шемонаиха ауданы тұр (53,2%)», - делінген ақпаратта.

Соңғы тәулікті Шығыс Қазақстанда 116 адам қауіпті дертке шалдыққан. Бүгінгі таңда облыс вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақта» тұр.