ШҚО қалаларында «Қауіпсіз қала» жүйесі енгізіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да алғашқы жартыжылдықта «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу басталады. Осы үшін Өскеменде шамамен 4000 камера орнатылуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірде «Цифрлық Шығыс» тұжырымдамасы әзірленген. Осы тұжырымдама аясында 12 ілкі жобаның жұмысы басталды. Әуелі олардың бәрі облыс орталығында сынақтан өтіп, кейін облыстың басқа қалалары мен елді мекендеріне таратылмақ.

«Өскемен мен Семейде көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жоба басталды. Бұл электр шығынын 60 пайызға төмендетеді. 25 мыңнан астам шам 15 жылдық кепілдікпен ауыстырылады. Әрбір тұрғын үйдің ауласы түнде жарықпен қамтамасыз етіледі», - деді облыс әкімі.

Өңірде Еуропа қайта құру және даму банкінің инвестициясына қоғамдық көлік қатынасын бірыңғай электронды билеттендіру жүйесіне көшіру жоспарлануда. Сол үшін Семей мен Өскемен қаларына 150 жаңа автобус сатып алынған. Электронды төлем жүйесі осы автобустарға орнатыла бастайды.

«Бұл жүйе енгізілсе, көлік қатынасындағы қаржы айналымы айқын болады. Мобильді қосымша арқылы кез келген тұрғын өзі күткен автобустың қай жерде жүргенін, қандай аялдамаға келетінін көріп, біліп отырады. Жаңа өмір сапасы осындай жеңілдіктермен өлшенуі керек» - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысыны әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп беруде.

Соңғы жаңалықтар