ШҚО кейбір аймағында ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 19 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қармен жаяу бұрқасын күтіледі.
«Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшейюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 35-39 градус болады», — деп жазды Қазгидрометтен.