ШҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы қызметіне Арман Қожамқұлов тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері департаментінің бастығы лауазымына Арман Қожамқұлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы қызметіне Арман Қожамқұлов тағайындалды
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Арман Есполатұлы Алматы облысында дүниеге келген. Әскери еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

2018-2022 жылдар аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде бірнеше ботальонның командирі, әскери бөлімнің жасақтау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.

2022-2023 жылдары Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің штаб бастығы - департамент бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етті.

Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті.