ШҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Руфат Акрамов тағайындалды.

Руфат Бағдатұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Таврия ауылында туған. Төрт жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2006 жылы Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жетекші маман-заңгер ретінде бастады.
2010 жылдың 29 қаңтарында ШҚО білім басқармасы ішкі бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2013-2014 жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімінде мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі. 2017-2019 жылдары Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2019-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасының басшысы. 2020-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2022 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2024 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келгені хабарланған.