ШҚО құтқарушылары жұмыста ұлттық киіммен жүр

наурыз
Фото: видеодан алынған кадр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Ұлттық киім күнін атап өтуде.

18 наурыз елімізде – Ұлттық киім күні.

Сондықтан ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмысқа ұлттық киім киіп келген.

наурыз
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар, диспетчерлер, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері, кадр қызметінің мамандары және мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары жұмысқа бешпет, жилет және дәстүрлі ұлттық ою-өрнектері бар киім киіп, сәнденіп келді. 

Қыздар зергерлік бұйымдарын тағынып, әдемі сырғалары мен алқаларын паш етуде.

наурыз
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

«Ұлттық киім-кешек адамның сыртқы сұлулығын көрсетіп қана қоймай, бай-рухани әлемін, өз халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Сондықтан да осындай күннің мән-маңызы зор»,- дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мустафин. 

Соңғы жаңалықтар
telegram