ШҚО құтқарушылары табиғат аясында өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары далада кәуәп әзірлегенде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 сәуірден өңір аумағында өрт қаупі жоғары кезең басталды. Осы кезеңде көп жағдайда саяжай учаскелерінің аумағында өрт шығады.

«Мұның негізгі себептері – отпен абайсыз әрекет ету, сөндірілмеген темекі тұқылы, шөп өртеу және қауіпсіздік талаптарына сәйкес орнатылмаған мангал. Заң бойынша далада кәуап пысыруға тыйым салынбаған. Бірақ міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы керек», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті:

- Мангалды тек жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы бөлінген алаңға орнату керек.

- Құрылыстар мен ғимараттардан қашықтық кем дегенде 10 метр болуы керек.

- От тұтану үшін бензинді немесе басқа жанғыш сұйықтықты пайдаланбаңыз.

- От жанып жатқан мангалды қараусыз қалдырмаңыз.

- Желді ауа райында от жағуға болмайды.

- Жақын жерде өрт сөндіргіш немесе су құйылған бөшке болуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар
Референдум