ШҚО құтқарушылары «Түрлі халықтардың сәлемдесуі» атты челлендж өткізді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары «Түрлі халықтардың сәлемдесуі» атты челлендж өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО құтқарушылары «Түрлі халықтардың сәлемдесуі» атты челлендж өткізді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Түрлі халықтардың сәлемдесуі» атты челлендж 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген.

«Департаменттің аудандық және қалалық бөлімшелерінің өрт сөндірушілері түрлі халықтардың ұлттық киімдерін киіп, бір-бірімен сол этностың дәстүріне сәйкес амандасты. Челлендждің басты мақсаты - ТЖ қызметінде жұмыс істейтін азаматтардың көпұлттылығын және бірлігін көрсету», - делінген ақпаратта.

Бүгінде облыстық ТЖД қатарында 8 ұлттың өкілдері жұмыс істейді, атап айтқанда қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, әзірбайжан және болгар.

«Бұл халықтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болса да олар бір отбасыдай тату. Жыл басынан бері өңір құтқарушылары түрлі төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғаларға 800-ден астам рет барды. Соның нәтижесінде 64 адам құтқарылып, 106 адам эвакуацияланды», - дейді департамент бастығының орынбасары Серік Амангелдин.