ШҚО мас күйінде ұрланған автокөлік жүргізген әйел полиция қызметкеріне қол көтерді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде мас күйінде ұрланған автокөлік жүргізіп, ұсталғанда тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен әйел Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылды.
None
None

Ішкі істер департаменті хабарлағандай, түнгі 3-те Өскемендегі Абай даңғылымен жүріп келе жатқан «Тойота Калина» көлігі Гавань қиылысындағы жол-патрульдік полициясының күдігін тудырған. Тәртіп сақшылары тоқтататын белгі берсе де, автокөлік полицияны көзге ілмей, айналма жолға бұрылған. Автокөліктің соңына түскен патруль жүргізушіні Защита стансасы маңында тоқтатқан. Салонда екі адам болған - жолаушылар орнында ер адам, ал рөлде алкогольді ішімдікке мас әйел болған.

Қамау барысында әйел полицияға тіл тигізіп, қорлай бастаған. Патрульдің заңды талаптарына қарсы келіп, тәртіп сақшыларын бірнеше рет тепкен.

29 жастағы облыс орталығының тұрғыны Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - полицияның заңды талабына бағынбағаны, өз міндетін атқару кезінде полиция қызметкерін қорлағаны және полиция қызметкеріне күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сараптама көрсеткендей, қамау барысында автоледи орташа деңгейде мас болған. Одан бөлек, мас әйел ұрланған автокөлікті жүргізген. Қамаудан 1 сағат бұрын 23 жастағы жігіт өз танысының көлігін ұрлап әкеткен. Ұрланған көлікпен 29 жастағы танысына барып, рөлге отырғызған. 23 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 200 бабы - ұрлау мақсатынсыз көлікті заңсыз иелену бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Соңғы жаңалықтар