ШҚО мен Абай облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы бірқатар қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО мен Абай облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, аяға байланысты Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады. Ал Алтай ауданының Чапаев, Никольская, Первомайская және М. Бикетов атындағы орта мектептерде 1-11 сыныптар, Октябрь, Зубов, Маяк, Леснопристань және М.Харин атындағы орта мектептерде 1-4 сыныптар мектепке бармайды.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласындағы 1-4 сыныптар қашықтан білім алады.

Еске салсақ, бүгін таңертең Семейде 1-11 сынып оқушылары мектепке бармаған.