16:46, 21 Мамыр 2019 | GMT +5
ШҚО мен Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы екі күнде Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«22-23 мамыр күндері жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты, кей жерлерде, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында беткейлі ағын қалыптасып, тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі ықтимал» делінген хабарламада.