ШҚО мен Қарағанды облысындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қолайсыз ауа райы (қар мен көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар бір учаскеде жол жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары»;
- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы»;
- «Өскемен — Тарғын — Самарское».
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы бойынша:
- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы»;
- «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» аралығында жол жабық.
— ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, енгізілген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Абай облысы мен Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауып, жол жүру қиындады.