ШҚО мен Маңғыстау өңірінде республикалық маңыздағы жол учаскелері жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

ШҚО мен Маңғыстау өңірінде республикалық маңыздағы жол учаскелері жабылды

14 желтоқсан күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкінін түсіру бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнарлары» тасжолының 6-66 шақырымдарының аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық. Бұл Ушановское ауылынан Серебрянск ауылына дейінгі аралық.

Сондай-ақ бүгін сағат 11.00-ден бастап Маңғыстау облысында күннің бұзылуына байланысты «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» күре жолының 647-701 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл Шетпе ауылынан Жетібай кентіне дейінгі учаске.