ШҚО мүгедектері қателікпен бюджетке 40 млн. теңге төлеген

Заң бойынша осындай төлемдерден босатылғанына қарамастан, 2015 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың маусым айына дейін 12 128 азамат мемлекеттің қазынасына 40 миллион теңгедей ақша төлеген. Осы 2 жарым жылда көптеген мүгедектер жеке меншік зат пен жер үшін, және де затты мемлекеттік тіркеу үшін, тағы да түрлі төлемдер жасаған. Атап айтатын бір жайт, заң бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қазынаға ақша аударған болса, бірақ оған міндетті болмаса, бұл ақша қайтарылуы тиіс. Жауапты ведомстволар білмей ақша аударған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аймақтық мемлекеттік кірістер бөлімшелеріне жолығуға шақырады.
3 жыл бұрын төленген ақша, 5 жыл бұрын төленген салық қайтарылады. Төленген салықтарды қайтару үшін мүгедектер мемлекеттік кіріс бөлімшелерінің төлеу орнына баруы керек және салық органдарына жүгінгені абзал. ШҚО прокуратурасының акпараттық хатында сенсек, ақшаны қайтарып алу үшін жазылған хатқа банктегі шоттың бар екендігі туралы ақпарат және төлем қағазы немесе оның көшірмесі қажет.