ШҚО-ның Алтай ауданында бастауыш мектептерде сабақ тоқтатылды

АЛТАЙ. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында аязға байланысты бастауыш мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО-ның Алтай ауданында бастауыш мектептерде сабақ тоқтатылды

«Білім басқармасының ақпараттары бойынша, 12 наурызда Алтай ауданының Алтай қаласында ауа температурасы – 27 градусты көрсетіп тұр. Бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды», -делінген ШҚО ТЖД-нің мәліметтерінде.