ШҚО-ның Глубокое ауданында жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті
Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.
«Тыйым салынған белгілер - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін қажет ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
ШҚО ТЖД судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ұмытпауды, сіздің өміріңіз осыған байланысты екенін еске салады. Демалушылар мына жайттарға жол бермеуі қажет:
- шомылу үшін рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау;
- ешбір жағдайда мас күйде суға түспеу;
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады;
- тәуекелге бармаңыз және өз күштеріңізді асыра бағалап, алысқа жүзбеңіз.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.