ШҚО-ның шекаралас аудандарына белгілі бір мәртебе беру қарастырылмаған – ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандарына белгілі бір мәртебе беру мәселесі қарастырылмаған. Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов редакция сауалына осындай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-ның шекаралас аудандарына белгілі бір мәртебе беру қарастырылмаған – ҰЭМ

«Айрықша мәртебе беруге қатысты айтсақ, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аудандарына белгілі бір мәртебе беру мәселесі қарастырылмаған. Сонымен қатар Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шекаралас, шағын ауылдық елді мекендердің қолданыстағы инфрақұрылымы мен базалық қызметтерін қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар көзделген. Еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас ауылдық округтері тұрғындарының жалақысына үстемеақы енгізу мүмкіндігі қаралады», - деп жазылған жауапта.

Министрліктің мәліметі бойныша, кейінгі 5 жылда Катонқарағай ауданының халқы – 5%, Марқакөл ауданының халқы 21% азайып кеткен.

«Бұл ретте аталған аудандар қалпына келтірілгеннен кейін Катонқарағай ауылы мен Марқакөл ауылы аудан орталығы мәртебесіне ие болады», - дейді Абзал Әбдікәрімов.