15:57, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
ШҚО-ның сот орындаушылары қарыздарды төлету бойынша рейд бастап жатыр
ӨСКЕМЕН. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның сот актілерін орындау бойынша департаментінің мамандары ертеңнен бастап Өскемен қаласында жекеменшік және заңды тұлғалардың мемлекетке қарыздарын төлету рейдін бастайды.

Бұл шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, оған облыстың барлық аудандары мен қалаларының сот орындаушылары жұмылдырылады, деп хабарлады аймақтық ведомство.
Олардың ішінде 42 сот орындаушысы Өскемен қаласына іссапарға жіберледі. Рейдке салық департаментінің, жол полициясының және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау бойынша департаменті мұндай жұмыстарды былтырдан бастап тәжірибеден өткізіп отыр. Мысалы, былтырғы шараның барысында 2722 атқару парақтары орындалды, соның арқасында борышкерлер 58 млн. теңге төледі
Биыл коммуналдық кәсіпорындардан бөлек салық департаменті, ішкі істер және жол полициясының қаулылары орындалатын болады.