ШҚО-ның тас жолында көліктер соқтығысты, 2 адам қаза тапты, тағы 2-уі ауруханаға жеткізілді

ӨСКЕМЕН. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Михайловка ауылы аумағында, «Семей-Бородулиха» тас жолында жол-көлік апаты тіркелді.

ШҚО-ның тас жолында көліктер соқтығысты, 2 адам қаза тапты, тағы 2-уі ауруханаға жеткізілді

Қалаға бағыт алған «ВАЗ-2109» көлігі «Ауди-А8» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ-2109»көлігінің ішінде болған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды.

«ВАЗ-2109»  және «Ауди А8» көліктерінің 2 жолаушысы бас жарақаттарымен Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.