09:44, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ШҚО-ның жеті ауданы мен екі қаласында бір мезгілде 10 мыңнан астам абонент электр жарығысыз қалды - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 23-і күні гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданы мен екі қаласында барлығы 10 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, сәрсенбі күні сағат 07.00-де бір мезгілде Аягөз (6159 тұтынушы), Көкпекті (1714), Жарма (401), Тарбағатай (795), Ұлан (505), Зырян (166) және Зайсан (227) аудандары мен Риддер (729) және Семей (104) қалаларында барлығы 10 800 абонент жарықсыз қалды.
Төтенше жағдайды жоюға Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясының апаттық 21 бригадасы мен 23 техникасы жұмылдырылды.
«Желтоқсанның 24-і, 07 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша Аягөз (60 абонент), Көкпекті (106), Ұлан (130), Зайсан (227) аудандары мен Риддер (729) және Семей (104) қалаларында барлығы 1356 тұтынушы әлі де электр жарығынсыз қалып отыр», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.